17 Қырқ 2020
Материал Б.Момышулы

Жүргізген жұмыстары

Жалпы білім беретін 25 Б.Момышұлы атындағы орта мектептің

2016-2017 оқу жылында жүргізген жұмыстары (қыркүйек-желтоқсан)  

Қазақстандық ғылым және білім беру жүйесін қазіргі кезеңде жаңғырту – әрбір адамның мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі сапалы білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ) елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған.

76-қадам. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.

79-қадам. Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-дарында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу.

89-қадам. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу.

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез сияқты қасиеттермен озады»,- деген Абай сөзі қай уақытта да өз мәнін жойған емес.

Қоғамның қазіргі даму сатысында адамның ақыл-ойын оның шығармашылық потенциалы ерекше мәнге ие болып отырған кезде еліміздің ертеңі – болашақ жастарға білім мен тәрбие беруде білім беру саласындағы жұмыстың нәтижесі сапасымен өлшенеді.

Жалпы білім беретін №25 Б.Момышұлы атындағы орта мектебі мемлекеттік мекемесі 2016 жылы 15 мамыр мен 15 тамыз аралығында күрделі жөндеуден өтті. Жөндеу жұмысына  112млн.166 мың 218 теңге жұмсалды. Сонымен бірге  мектептің жылу қазандығының тозып істен шығуына байланысты 10млн 086 мың   200 теңге бөлініп, оның 8млн.700 мыңына жылу қазандығы 2 дана (4млн.640 мың), газ горелкасы 2 дана (4млн.900мың), циркуляционный насос  2 дана  (240мың),  расширительный бак 2 дана алынып іске қосылды.

Мектеп 1987 жылы Атырау құс фабрикасының сол кезеңдердегі басшысы болған Қуанышкерей Сәмешұлының бастамасымен мекеме қызметкерлерінің балалары үшін салынған болатын.

30 жыл уақыттан соң болған күрделі жөндеу жұмысына  Ақсай ауылы тұрғындарының алғысы шексіз.  «АқсайСтройСервис» мекемесінің жұмысшыларының күшімен жөнделіп,  Биылғы оқу жылын 749 оқушымен және мектеп алды даярлық-104 , шағын орталық тәрбиеленушілерін -42 Барлығы  891 оқушымен бастадық.

Жұмыс барысында Ақсай селолық округ әкімі Жұмахмет Зорбайұлының  басшылығы тарапынан үлкен қолдауы, көмегі көп болды. Оқушылардың өмір қауіпсіздігі үшін жол инспекциясы арқылы 40 жылдамдық белгісі және балалар белгісі  мектеп алдына  орнатылды. Мектептің автотұрағының жөнделуіне көмегін тигізіп, асфальт төгіп жөндеу жұмысын жүргізді.  Мектепті жаңа оқу жылына дайындау кезеңінде де ауланың тазалық жұмыстарына, гүл егу үшін қара топырақ түсіру жұмыстарына әкімшілік тарапынан көмегін ұсынды. НКОК компаниясына хат жолдау арқылы музыкалық аспаптар алуымызға бағыт берді.

Пандусқа  1млн 300 теңге бөлініп, өмірде қолдауға мұқтаж мүгедек жандарға арнап пандус салынды.

Бейнебақылауға 580 мың теңге бөлініп, қазіргі күні 10 ішкі, 6 сыртқы камера күнделікті  жазып, жұмыс жасап тұр.

Мектепке Жұлдыз-1,  Жұлыз-2, Жұлдыз-3, Көктем мөлтек аудандарынан 76 оқушы тасымалданады.  Саяжайдан 118, Ақсай-2 ден  -98; Көктемнен -123 оқушы келіп оқиды.

№25Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің 2016-2017 оқу жылындағы мұғалімдер саны-72. Техникалық қызметкерлер саны- 38. Мұғалімдердің жоғарғы санаттысы – 9, бірінші санаттысы-9, екінші санаттысы-32, санаты жоқ, жас мұғалімдер саны-22. Жоғары білімді 61 мұғалім. Аяқталмаған жоғары- 4. Арнаулы орта- 7.  Деңгейлік курс бойынша 1 деңгей оқығандар -2. ІІ деңгей оқығандар – 3 , ІІІ деңгей оқыған мұғалімдер – 27.  Мұғалімдер өрт қауіпсіздігінің  алдын  алу  бойынша  арнайы  курстан  өткізілді.

Қазіргі күні 624 орынды мектебімізде 902 оқушы оқиды. Мектепте 3 Даму деңгейі тежелген оқушыларға арналған сынып бар. Бұл сыныптарда 15 оқушы оқиды. 3оқушы инклюзивті сынып оқушылары, 1 оқушы 2-сынып денсаулығына байланысты үйден оқиды. Ауыл әкімі Жұмахмет Зорбайұлының қолдап қамқорлауы арқасында мектептің аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен, көмек қажет ететін отбасы балаларына Эмбаойл мекемесі арқылы 8 оқушы мектеп құралдарымен қамтамасыз етіліп мектепке тартылды. Мектепте 1-4 сыныптар бойынша 427 оқушы, аз қамтылған жанұя балаларынан 23 оқушы ИП «Кубашева» арқылы ыстық тамақ ішеді.

Мектептің білім сапасы-46 пайыз. (1 сыныптар бағасы шықпау себепті) Оқу озаты- 74, екпінділер саны-204 оқушы. 2016-2017 оқу жылында 21 мұғалім жаңартылған бағдарлама аясында білім жетілдіру курстарынан өтті, 2 мұғалім Алматы қаласынан оқып білімін жетілдірді. Ал 44 мұғалім кезең-кезеңімен осы жыл ішінде жаңартылған бағдарлама бойынша курстардан өтуде.

2016-2017 оқу жылында  мектебімізде алты 1 сынып оқушылар жаңартылған бағдарлама аясында білім алып жатыр, оларға білім беретін сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері жаңартылған бағдарлама бойынша білімдерін жетілдірген. Педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмысы да жүйелі жүргізілуде.

2016-17 оқу жылында мектебімізде 2 мұғалім-жоғары санатқа, 7 мұғалім – I санатқа, 5 мұғалім- II санатқа өз арыздарын жазды.

Жас ұрпаққа тәрбие беруде ар-ұят, адалдық, адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар қоя отырып, сана-сезімі мен ақыл-ой қызметінің дамуына ықпал ету, шығармашылық қасиетін ашу талап талғамы терең тұлға қалыптастыру әрбір ұстаздың міндеті болып саналады.

Мектебімізде 30 пәндік үйірмелер, 6 спорттық үйірмелер жұмыс жасайды:

1.     «Қызықты грамматика»  1а,1ә,1б,1в,1г,2а,2ә,2б,2в

2.     «Әдемі жаза білейік»   3а,3ә,3б,3в,4а,4ә,4б,4в

3.      «Салауаттылық- денсаулық кепілі»  8а-10,8ә-12

4.     «География және экология» 7а-10,7ә-12

5.     «Компьютерлік модельдеу негіздері»  9а-12,9ә-10

6.     «Ұлттық ойындар»  5а-10,5ә-12,5б-10,5в-12

7.     «Мен және компьютер әлемі» 10с.-12

8.     «Тіл – ұлттық мұра» 11с.-9

Қамтылған  оқушы саны – 435

Қайыршақты балалар  саз мектебі мұғалімдері арқылы мектебімізде оқушылар өнерге  тартылып, бүгінгі күні мектептен  60 оқушы, би, домбыра, баян, ән-терме , қобыз сыныптарында  оқиды.

Мектепте ДЮК «Барыс» балалар жасөспірімдер  денешынықтыру даярлық клубы жанынан ашылған «Тоғызқұмалақ»  үйірмесіне   42 оқушы  тіркелді.  Болейбол секциясына 24 оқушы қатысады.

«Дарын» РҒПО ұйымдастырған  28 қазанда өткен «Ақбота» интелектуалды марафонына 3-7 сыныптардан 63 оқушы қатысып, солардың арасынан 7 оқушы 1 орын, 7 оқушы 2 орын, 7 оқушы 3 орын иеленді. Бұл мектебіміз үшін үлкен жетістік деп айта аламыз.

15 қарашада өткен «Русский медвежонок-языкознание для всех» интелектуалды марафонына 4-5 сыныптар арасынан 6 оқушы қатысып, сертификат алды.

И.Тайманұлының 225 жылдығына орай өткізілген қалалық сайысқа 8а сынып оқушысы Қарасай Ақниет «Дара туған тарлан ер» тақырыбында жазған шығармашылық жұмысымен қатысып, «Алғыс хат» иеленді.

Атырау қалалық Жас натуралистер станциясының ұйымдастыруымен өткізілген «Гүлдер әлемінде» сайысына өз туындыларын ұсынған 3ә сынып оқушысы Жолдас Айым ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, 7а,ә сынып оқушылары Сапарғалиева Айгерім және Баянова Асылай «Алғыс хат» иеленіп қайтты.

«Ғажайып қиял әлемі» атты «New Opportunities» Білім беру әдістемелік орталығы ұйымдастырған сырттай байқауға 10 сынып оқушысы Дарханқызы Ақерке мен 7ә сынып оқушысы Серикова Тахминаның «Тәуелсіздікке тарту» және «Дәрумендер» деп аталатын қолөнер туындылары жолданып, нәтижесінде Серикова Т. ІІІ орын иеленіп, Дарханқызы А.сертификат және жетекшісі Имашева С. «Алғыс хат» алды.

Атырау қалалық Жас натуралистер станциясының ұйымдастыруымен өткізілген «Сүйкімді жануар»  сайысына өз туындысын ұсынған 3в сынып оқушысы Ізбасар Олжас жүлделі ІІ орынмен марапатталды.

Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты субьективті деңгейге көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалім арқылы жүзеге асады.

Мектепте 7 пәндік бірлестік бар, олар да жұмыс жоспарлары    бойынша уақтылы өз апталықтары мен семинарларын өткізіп отырады.

Мектеп мұғалімдері мен оқушылары жаңа оқу жылынан бастап  қалалық байқау, сайыстарға үнемі қатынасып, жүлделі орындар иеленуде.

Қазіргі таңда еліміздің барлық ғылым мен білім саласында қайта құру яғни технологияландыру, жаңа үрдістерге көшу процесі жүріп жатыр. Жас ұрпаққа жан-жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру.

Мұғалімдердің жетістіктеріне тоқталсақ, бастауыш сынып мұғалімі Қабленова Жұлдыз «Панорамалық сабақтар» байқауынан Алғыс хатпен, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекбергенова Базаргүл «Жұмекен оқулары» байқауынан 2 орынмен, мектеп психологы Нурмуханова Анар Қалалық білім бөлімінің Алғыс хатымен, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Ержанова Гүлзира Облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен және мектебіміздің бір топ мұғалімдері: Жұпқалиева Шынар, Курманиязов Асылбек, Нұржанова Бақтылы, Сапығалиева Сауле, Қабиев Берик, Мукашев Берик, Нұрғожина Ұлжан, Қуатова Жонас, Қыдырбай Гүлзада, Абилова Балслу, Имашева Ләззат Алғыс хаттармен марапатталды.

8-9 желтоқсанда өткен қалалық пәндік олимпиадада: 8 сынып оқушысы Қарасай Ақниет Қазақстан тарихы пәнінен Алғыс хатпен (мұғалімі Курманиязов Асылбек), 8 сынып оқушысы Розыева Айша ағылшын тілінен 2 орынмен (мұғалімі Имашева Шынар), 9 сынып оқушысы Айдынғали Ақмандай   қазақ тілінен Алғыс хатпен (мұғалімі Мусина Айнаш), 9 сынып оқушысы Қайыр Айбар Қазақстан тарихынан 2 орынмен (мұғалімі Қуатова Жанат), 9 сынып оқушысы Елешова Аймира химиядан 2 орынмен(мұғалімі Уттыбаева Жаннат),10 сынып оқушысы Дарханқызы Ақерке қазақ тілінен 2 орынмен (мұғалімі Жұпқалиева Шынар), 11 сынып оқушысы Құтымова Айтолы орыс тілінен 2 орынмен (мұғалімі Кутумова Роза), 11 сынып оқушысы Ордабаева Арайлым биологиядан 2 орынмен (мұғалімі Кубаева Арайлым) марапатталды. И.Тайманұлының 225 жылдық мерейтойына байланысты өткізілген қалалық байқауда «Үздік презентация» номинациясы бойынша  8 сынып оқушысы Қарасай Ақниет (мұғалімі Курманиязов Асылбек) Алғыс хатпен және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Өнерімді еліме арнаймын» атты көркемөнерпаздар байқауына «Хореография номинациясы» бойынша қалалық сайысқа қатысқан мектебіміздің «Сәукеле» би тобы арнайы дипломмен марапатталды.  Облыстық «Үздік ата-аналар қоғамдық кеңесі» байқауында мектептің ата-аналар қоғамдық кеңесі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Мектепте оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында Облыстық  деңгейде мектеп  және колледж оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініің 25 жылдығыны арналған  әскери-патриоттық шарасы өткізілді. Мектеп басшылығы Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау аймақтық дене тәрбиесі спортты дамыту орталығы медалімен және Атырау аймақтық дене тәрбиесі спортты дамыту орталығының арнайы дипломымен марапатталды.

Желтоқсан айында облыстық  деңгейде бастауыш сынып мұғалімдері курсы өткізіліп, мұғалімдердің жаңартылған бағдарлама талаптарына сай білім алуларына мүмкіндік жасалды.

Болашақ тізгінін ұстайтын жас жеткіншектеріміздің білімі мен дарынын анықтап,оларға қолдау көрсету мақсатында жасалатын жұмыстар өз жалғасын табатынына сенімдімін.

Қазіргі  XXI ғасырдың оқу үрдісінің талаптары өте күрделі.  Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешеніне сәйкес жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Мектепке қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 44 компьютер және 105 парта 210 отырғыш бастауыш сыныптарға, 135 парта 270 орындық жоғары сыныптарға алынды.

30 тақта , 8 интербелсенді тақта, 1 лингофон кабинеті күтілуде.

2017 жылға қалалық білім бөлімі арқылы мектепке қажетті құрал- жабдықтар, физика, математика кабинетіне  бюджеттік сұраныс берілді.

«Ел болам десең бесігіңді түзе» деген халық нақылында айтылғандай жас ұрпақ тәрбиесіне ата-аналардың белсенді ұйымдасуы болғанда тәрбие жолға қойылары  анық. Мектеп ата-аналарымен бірлесе  қоғамдастық құру арқылы бірлесе жұмыстар жүргізуде.