18 Мамыр 2021
Жаңалықтар №25 Б.Момышулы

Ағымдағы жылдың 12-14 мамыр күндері аралығында "Абайлаңыз, балалар!" жедел профилактикалық алдын-алу іс-шарасы өтуде.

Ағымдағы жылдың 12-14 мамыр күндері аралығында "Абайлаңыз, балалар!" жедел профилактикалық алдын-алу іс-шарасы өтуде.
Мақсаты : балаларды жол ережелерімен таныстырып, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, сондай-ақ көлік жүргізушілерін сақтыққа шақыру.
Тәрбие ісі орынбасарларының ұйымдастыруымен мектеп  инспекторы, полиция капитаны Ж.Ә.Сапенованың  қатысуымен бастауыш сынып оқушыларына қарапайым жолда жүру ережелерін түсіндірді. Оларға көше бойында қалай жүріп  тұру қажеттігін, бағдаршамдар мен арнайы жолақтардан  өту тәртібін де түсіндіріп, ақ жол тіледі .
Республикалық акция шеңберінде өткізіліп жатқан іс-шараның мазмұны да білім алушы жас бүлдіршіндеріміздің  өмір қауіпсіздігі мен жол ережесін сақтау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
 
#Атырауполиция
#Атыраулықполицейлер
#ПолицейскиеАтырау
#Атыраулықтәртіпсақшылары
#Стражипорядка
#АтырауоблысыПолицияДепартаменті 
#ДепартаментполицииАтырау
#ҚамзаҮмбетқалиев