23 Сәу 2021
Жаңалықтар №25 Б.Момышулы

"Тәртіпке бағынған құл болмайды"

«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» Б.Момышұлы.
 
«Тәрбие басы – тал бесік» деп қазақ халқымыз бекер айтпаған. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Әл-Фараби атамыз айтқандай «тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, апаты» деп  халқымыз қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Осы орайда  мектебімізде "Тәртіпке бағынған құл болмайды" тақырыбында тәрбие ісі орынбасарларының ұйымдастыруымен 9,11- сыныптың  ұл балаларымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында "Жас қыран" ұлдар ұйымының жетекшісі А.Қ.Сарбасов баяндама оқып,  мектеп психологтары тренинг өткізді. 
Егеменді ел болып, еліміздің көсегесін көгертетін, қазақ ғылымын дамытып, дүниежүзілік аренаға көтере білетін терең білімді жігіттер мен қыздарды тәрбиелей білгеніміз жөн.