17 Қырқ 2020
Жаңалықтар №25 Б.Момышулы

Оңдаған Аманғалиұлымен кездесу кеші өтті

26-ақпан күні мектебімізде “Ауғанның отты жалыны”тақырыбында ауған соғысы ардагерлері Рашид Басепұлы, Марат Сәрсекенұлы, , Ерболат Қылышбайұлы, Оңдаған Аманғалиұлымен кездесу кеші өтті.

Мақсаты-Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, ағалар ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу. Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету. Сонау Ауған жерінде қару асынып, мұң арқалаған сын сағаттарда бірін -бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Кездесу кешіне келген ағаларымызға рахмет айтамыз! Аспанымыз ашық, бейбіт өмір жасай берсін!