17 Қырқ 2020
Жаңалықтар №25 Б.Момышулы

“Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс” тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды

Жеңіс үшін өмірін, жастық шағын қиған тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміздің ұрпақтарының қатысуымен “Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс” тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды.

Сұрапыл соғыста періштесі қолдап, аман-есен елге оралған қариялардың ұрпақтары Жанат Қарақойшықызы, Жонас Қарақойшықызы, Шынар Құттығалиқызы, Бақтылы Қабдолқызы аталарының ерлік істері мен өмір жолынан сыр шертті. Ардагерлердің ерлік істері-ұрпаққа өнеге! Мейірлі де шуақты күндеріміз көп болсын!