12 Тамыз 2022
Жаңалықтар №25 Б.Момышулы

2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ

 
🔰 Жалпы білім беретін N 25 Б.Момышұлы атындағы орта мектебі ата- аналарының назарына‼️
 
 Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы туралы мәселе өзектендіріледі.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрыққа өзгерістер енгізуде, оған сәйкес білім басқармасы бойынша мектеп формасының бірыңғай түсін ұсына алады.
 
🔰Жаңа 2022-2023 оқу жылына орай мектеп формасы талаптарын назарларыңызға ұсынамыз:
 
1. Мектеп формасының түсі: қара көк (темно-синий)
 
2. Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде. Ұлдарға арналға шалбарлар кең тігілген және ұзындығы тобықты жауып тұруы керек. Аяқ киім классикалық үлгіде болуы міндетті.
 
3. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет,ақ жейде, юбка (ұзындығы тізеден төмен болуы қажет). Аяқ киім яғни классикалық үлгідегі туфли (өкшесінің ұзындығы 2-3 см аспауы тиіс).
 
4. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовка, кеды) тұрады.
 
5. Әрбір ата-ана өндірушіні таңдауда тәуелсіз және мектеп формасын кез-келген нарықта, дүкенде немесе жеткізушілерден сатып алуға құқылы.
 
🚫 Мектеп формасына түрлі конфессияға жататын діни элементтерді енгізуге жол берілмейді! 
 
Мектеп әкімшілігі.