04 Қаз 2021
Жаңалықтар №25 Б.Момышулы

25 Б.Момышұлы атындағы орта мектеп

1-қазан-Қарттар күніне және Ұстаздар күніне орай мектебіміздің ардагер ұстаздары мен қызметкерлері Демесинова Алтын апайды, Қабдығалиева Жанат апайды, Нұрмұханова Жолдығыз апайды, Оразова Рая апайды, Ерғазиева Бақытжамал апайды, Баянова Роза апайды, Қуатова Жанат апайды ,Мырзабай Роза апайды , Дүйсенова Қалила апайды , Нұрғожина Ұлжан апайды , Накесова Күлаш апаны, Кенжеева Наташа апаны мектеп кәсіподақ ұйымы атынан құттықтады.

Қарттары бар ел - бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін!

Құрметті ардагерлер, дендеріңізге саулық, отбасы-әулеттеріңізге амандық, Отанымызға бақ-береке тілейміз.