04 Маус 2021
Жаңалықтар №25 Б.Момышулы

1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»

1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»

 

Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.

Арманы бір, үні бір

Аға ардақты, іні гүл

Бақыт туын көтерген

Балалардың күні бұл

 

Балаларымыздың мерекесі құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.

Баршамызды бала тілімен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой самғайтын.

Ата - ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын.

Сүп - сүйкімді періштелер сендерсіңдер,

Қандай бейне өздеріңе тең келетін.

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,

Ең алдымен балалықты меңгерген.

Жалпы білім беретін N 25 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде "Бар мейіріміміз балаларға" тақырыбында ұйымдастырылған мерекелік шара.