17 Қырқ 2020
Материал Б.Момышулы

Ата-аналарға

2018 жылдың 15 мамырында ата–аналар жиналысының №8 хаттамасының шешімімен бекітілген мектеп формасының үлгісі

Атырау облысы білім беру басқармасының ұсынған мектеп киім үлгісі мектеп формасының түсі: қою қара көк. Ұл балаларға да, қыз балаларға да өздерінің таңдаулары бойынша ақ жейде (күнделікті, мерекелік). Ұл балалар үшін үсті: негізгі жилет (күннің суық мезгілінде – пиджак, трикотаж жилет). Асты: классикалық үлгідегі шалбар (ұзындығы – тобықты жауып тұрады). Қыз балалар үшін ақ бантик. Үсті: негізгі жилет (күннің суықты мезгілінде – пиджак, трикотаж жилет) Асты: үлгісі таңдауы бойынша етек (ұзындығы – тізе тұсында және тізеден 5 см-ге дейін жоғары не төмен болмауы керектігі) бірауыздан келісіліп, қабылдауға ұсынылсын.